БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

Мектепке дейінгі мекеменің жалпы сипаттамасы

ЖШС «Мырза-Айым» балабақшасы   туралы мәлімет


Мекеменің атауы: ЖШС «Мырза-Айым» бөбекжай бақшасы

Ғимараттың типі: Типтік

Мекеменің қызмет түрі: Жекеменшік

Мекен-жайы: Абай ауданы, Қозы-Көрпеш №8
Телефон/факс: 8 702 937 32 16
Электрондық пошта: myrza-ayim01@mail.ru

Қолданылуға берілген жылы: 2019ж

Ғимараттың салынған жылы: 2017ж

Балабақша меңгерушісі: Сәрсенова Салтанат Ермекбаевна.

Жобалық күші: 93  орындық
Оқыту тілі:
Қазақ
Тәрбиеленушілер саны: 93


Топтар саны

р/сТоптың атауыЖас ерекшелігіТопТәрбиешілер
1«Құлыншақ» мектепалды даярлық тобыМектепалды жас5 жастан 6 жасқа дейінШекербекова Камшат Жамалбековна. Батырова Гулнар Әділбековна.
3«Куншуақ» ересек тобыЕресек жас4 жастан 5 жасқа дейінгіБалкыбекова Қалбуби Әбдіраимовна. Жандарбекова Райхан Шернаева.
4«Қошақан» ортаңғы тобыОрта жас3 жастан 4 жасқа дейінгіКерімбековна Қаламқас Ермекқызы. Дукенбаева Айнур Абилхайырқызы
6«Таңшолпан» кіші   тобыКіші жас2 жастан 3 жасқа дейінгіНазарова Мөлдір Сапбековна. Момынқулова Ақмарал Омирбековна

Балабақшаға қысқаша сипаттама.

1.2019 жылы алғаш балаларды

қабылдап,балабақша түгелдей  іске қосылды.

2.Оқу жылында жұмыс жасаған топтар саны-4

Тәрбиеленушілер саны-93

3.Жыл  бойына жұмыс жасаған бағдарламалар; төл  бағдарлама «Бөлбөбек»,

«Мемлекеттік стандарт», «Зерек бала»және «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы.                                                                                

ЖШС «Мырза-Айым» бөбекжай балабақшасы туралы мәлімет. 

«Мырза-Айым» бөбекжай балабақшасы Қазақстан Шымкент қаласы,  Абай ауданы, Ынтымақ шағын ауданы, Қозы-Көрпеш көшесі, ғимарат 8а орналасқан.

Балабақша  2019 жылы 24 қаңтар  іске  қосылған.

Балабақшада  4 топ, қабылдау бөлмесі, оқу тәрбие, ойын бөлмесі, жатын, ыдыс   жуатын, асхана бөлмелері, медицина бөлмесі, мен қойма бар.

Су электр жүйесі орталықтандырылған. Жылу жүйесі пеш арқылы табиғи газбен жылытылады.

Балабақша ауласы  шлакоблок  қорғанмен қоршалған. Балабақша ауласы көкалдандырылған, оларға кутім жасалынуда.

Балабақша  учаскелерінде спорт алаңы мен топтарға арналған саяжайлар бар, олар ойын құралдарымен  жабдықталған. Медицина бөлмесі балалардың антрометриялық өлшеулерін анықтайтын құралдармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған.

Проект  қуаттылығы 93 балаға арналған, 4 топта 93 бала бар. Жұмыс уақыты: 5 кундік сағат 8.30 – дан 18.30-ға дейін.   

ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР СИПАТТАМАЛАРЫ

Балабақша ұжымы штат кестесіне сәйкес жұмыс істейді.

Педагог қызметкерлер құрамы — 12  адам.
Оның ішінде: 1- меңгеруші 1- әдіскер, 1-  педагог-психолог, 8 — тәрбиеші, 1- музыкалық жетекшісі.

Педагог қызметкерлер құрамын талдау (білімі және санаты)СаныПайызы
Жоғарғы мектепке дейінгі білім Жоғарғы педагогикалық білім 9100%
Орта арнаулы мектепке дейінгі 0 0%
Жоғары санат Зерттеуші 0 
Бірінші санат Сарапшы0 
Екінші санат Модератор 5  50%
Санат жоқ 550%

Мектепке дейінгі ұйымда жұмыс жасайтын барлық педагогтер сәйкес келетін негізгі педагогикалық білімге ие

_ 100% жоғары педагогикалық білімге ие  педагогтер,
_ 90% жоғары мектепке дейінгі біліммен,
_ 10% орта арнаулы мектепке дейінгі білім

Біліктілік санаттары жоқ педагогтер — олар жас мамандар.

Педагогикалық қызметкерлердің еңбек өтілдері

Оқу жылы0-5 жыл5-10 жыл10-20 жыл20 және одан жоғары Барлығы
2022 — 2023 оқу жылы543012

2021– 2022 оқу жылының жылдық жұмысын талдау

         2021-2022  оқу жылында балабақшада 93 тәрбиеленуші тәрбиеленді. 4 топ жұмыс істеді. Балабақшада қызметкерлер саны 17, педагог қызметкер — 10, олардың ішінде 1 әдіскер, логопед, 1психолог және 4 топта 8 тәрбиеші жұмыс атқарды.Мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды заманауи талаптар деңгейінде жүргізу мақсатында балабақша топтары керекті жиһаздармен толықтырылды. Әрбір оқу тәрбие жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Балабақша айналасы көгалдандырылған, балабақша ауласына қажетінше гүлдер отырғызылған.

         Балабақшада  баланың өз денсаулығына ұқыптылықпен қарауға, нығайтуға, денсаулығын сақтауға, жалпы қимыл қозғалыс іс — әрекеттерін физикалық қасиетін қалыптастыру және дамытуға мүмкіндік туғызылған.  Балабақша өз жұмысын Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей білім беру стандарттарын «Тіл туралы Заң», «Балалар құқығын қорғау Заңы», «Білім туралы Заң» және де басқалай қаулыны басшылыққа ала отырып іс – шаралар жүргізеді.          Күн тәртібі тәрбиеленушілердің психологиялық жас ерекшілігін ескере отырып қарастырылды. Педагогикалық ұжым жылдық мақсатты жүзеге асыру үшін сайыстар, кеңестер, көрмелер, ашық есік күндерін жоспарланды. Жоспарланған іс әрекеттер өз дәрежесінде әдістемелік деңгейде,жаңа технологиясы өндіру дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы өткізіліп отырды. Онда негізгі мәселе балалардың оқып оның қабілетін қалыптастыру мақсатында тәрбиешілермен  5 педогогикалық кеңес, 5 меңгеруші  жанындағы кеңес, оқу тәрбие жұмысы бақылау барысында тақырыптық ,салыстырмалы, шолу,жедел бақылау түрлері өткізіліп нәтижесі педогогикалық кеңестерде талқыланады. Тәрбие берушілермен тәрбиешілер арасында ашық есік күндерінде  ұйымдастырылған оқу қызметтері өткізілді.  Осы оқу  жылында мектепке 25 — бала шығарылды.Бұл жәйіттердің барлығы ұжымдық әдістемелік дұрыс  және өз ісіне  жауапкершілікпен  қарайтын педогогикалық ұжымның отбасымен бірлесе жұмыс атқарған нәтижесі стандарт талабын орындағаны екені анық. Жұмыс жүрген жерде кемшіліктерде кездеседі.Сондықтанда  әліде болса балабақшаның қатынастық негізгі тиімді тәсілдерін үйретуді,баланың сөйлеу тілін,дұрыс сөйлеу үлгісін  және шығармашылық тілдік қызметін қалыптастыру қажет  деп ойлаймын.